Белгісіз бизнесмен БЦП-мен ауыратын бариста қызға 1 млн теңге сыйақы берді

/
Белгісіз бизнесмен БЦП-мен ауыратын бариста қызға 1 млн теңге сыйақы берді

Threads желісінде Абдуллах (ник: strannikvmaske) есімімен тіркелген белгісіз кәсіпкер БЦП (балалардың церебралдық параличі) диагнозы бар, бариста болып жұмыс істейтін қызға 1 млн теңге берген. Ол видеоны желіге жүктеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін Бариста болып жұмыс істейтін, БЦП диагнозы бар қызға 1 000 000 теңге қалдырдым. Мен ол қызға да, оған жұмыс істеуге, дамуға, ақша табуға, өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік берген жұмыс берушілерге де тәнтімін», – деп жазған ол.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар