Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов алкогольге әуестігі барын ашық мойындап, өзіне қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол мұндай жағдайдың кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін айтып, адамдарды бір-бірін сынамауға шақырды.
«Бәрі мені сынап жатыр ғой. Кезінде мас күйде жол апатына түстім. Иә, мен мойындаймын. Олимпиададан кейін алкогольге жақындығым, әуестігім бар. Ол қалай пайда болғанын және қалай ол ауруға жолыққанымды білмеймін. Бірақ бұл – күлетін нәрсе емес. Адамдар күледі. Өз басына келмегеннен кейін түсінбейді. Жас кезімде мен де күлгенмін.
Ол нәрселердің бәрі күлген адамның өз басына келеді . Алла Тағала осы өмірде сынайды. Айтқан нәрсең өз басыңа келмей қоймайды», – дейді спортшы.