Ақтөбеде төрт баланы жылан шаққан

/
Ақтөбеде төрт баланы жылан шаққан
istockphoto.com

Ақтөбе облысында соңғы бір айда төрт баланы жылан шаққан. Аптап ыстықтан жыландардың белсенділігі артқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның екеуі Ақтөбеде, тағы екеуі Хромтау қаласында болған.

Зардап шеккен балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылардың мәліметінше, қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мұндай жағдайлардың жиілеуіне байланысты мамандар ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жыланға тап болған кезде қалай әрекет ету керектігін ескертуді ұсынады.

«Бауырымен жорғалаушылар адамдармен кездесуден қашуға тырысады, алайда ауа температурасының жоғары болуына байланысты олардың белсенділігі айтарлықтай артты. Негізгі сақтық шараларын сақтау маңызды», – деп атап өтті құтқару ведомствосы.

Құтқарушылар еске салады: табиғат аясында серуендеген кезде ерекше мұқият болып, жыландарға жақындауға немесе оларды ұстауға әрекет жасамау керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар