17 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде орман өрті тіркелді

/
17 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде орман өрті тіркелді
istockphoto

Қазақстан бойынша 17 тамызда 12 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ.

Өрттер Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Қарқаралы, Катон-Қарағай, Бурабай ұлттық парктері мен «Ертіс орманы» және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарында болған.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы кезінде дер кезінде анықталған.

Өрттерді сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» күштері мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар