Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік осал топтағы 800-ден астам азаматтың құқығы қорғалды

/
Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік осал топтағы 800-ден астам азаматтың құқығы қорғалды
istockphoto.com

Бөрлі ауданы прокуратурасының бастамасымен 800-ден астам әлеуметтік осал азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы прокуратурасы «Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-23 шешімін талдау барысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соққан заң бұзушылықтарды анықтады

Талдау нәтижесінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актіде мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне ақы төлеу бойынша жеңілдіктер көзделмегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған нормативтік құқықтық актіге тиісті жеңілдіктерді көздейтін өзгерістер енгізілді.

Жеңілдіктер алушылар қатарына Ұлы Отан соғысының қатысушылары, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтар, Арал өңіріндегі экологиялық апаттан зардап шеккен азаматтар, сондай-ақ экологиялық апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған азаматтар енгізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 801 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Бөрлі ауданы прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар