«Ташкентте өмірім өткен»: Өзбек тілінде ән шырқаған Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікті сүйсінтті

/
«Ташкентте өмірім өткен»: Өзбек тілінде ән шырқаған Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікті сүйсінтті
Коллаж: Turkystan.kz

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасына өзбектің ұлттық киімін киіп, өзбек тілінде ән шырқап тұрған видеосын жүктеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншіге жанкүйерлерінің бірі өзбек ұлтының тақиясы мен шапанын кигізген.

«Мені өзбек дейтіндер. ал енді жазыңдар жандарың кіріп... Ақжаулықты ана ұлттық шапан жауып тұрған соң, сол елге ән арқылы құрметім болсын деген ниетім болды. Ән дегенді бір екі тыңдасам жаттап алатын қабілетім бүгін өз орнында пайдасын берді. Оның үстіне мен жасырмай айтамын ғой, 5 жыл Ташкентте өмірім өткен больницамен. Өзім шекарада өскен баламын. Жетісай – Шардара жолындағы (Амангелді ауылында). Бұл бір өзім үшін қызық импровизация болды», –  деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар