Павлодар облысында бір тәулікте 826 құқық бұзушылық анықталды

/
Павлодар облысында бір тәулікте 826 құқық бұзушылық анықталды
polisia.kz

Өткен тәулікте Павлодар облысында полицейлер 826 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 348-і жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Оның ішінде 10 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірде "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру жалғасуда. Патрульдік полиция ротасы мен батальонының жасақтары күн сайын кезекшілікке түсіп, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

- Авариялық-қауіпті учаскелерде қауіпсіздікті арттыруға ерекше назар аударылады. Қолданылатын әдістердің бірі - жүріс бөлігін жасанды түрде тарылту. Мұндай тәсіл бірқатар дамыған елдерде сәтті қолданылып келеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жүріс бөлігінің тарылуы жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ынталандырады. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Оңғарбаев.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жобаның мақсаттары туралы ақпарат беріп, жылдамдық режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді және туындаған сұрақтарға жауап береді.

- Қабылданып жатқан барлық шаралар қауіпсіз әрі бақылаудағы жол ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді, - деп толықтырды тәртіп сақшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары