«Келмеулеріңізді өтінемін»: Баян Алагөзова жанкүйерлерге ренішін жеткізді

/
«Келмеулеріңізді өтінемін»: Баян Алагөзова жанкүйерлерге ренішін жеткізді
Ғаламтор

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті жазбасын жариялап, оқырмандарға ренішін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дауласып шаршадым. Канье – керемет! Ол жүрген жоқ, ол ұшты! Бізге салют керек емес! Біз екінші сортпыз ғой! Лентаға қарасам, көбісі осыны мойындаған сияқты. Мен Франциядамын, кішкене демаламын. «Екінші сортты» әртістерімнің екінші концертін өткіземін, әрине салютсіз. Сіздерді Астанада күтемін. Билеттер әлдеқайда арзан болады. Біз «өзіміздің адамдармыз» ғой. Біздің кәсібилігімізге күмән келтіретін адамдардың келмеуін өтінемін», - деп жазған ол.

Айта кетейік, Алматыда шетел жұлдызы Канье Уэстің концертінде салют атуға рұқсат етілген. Ал бұған дейін сол стадионда өткен КешYOU тобының концертінде салют атуға рұқсат берілмеген көрінеді. Продюсер соған ренішін жеткізген болатын.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары