"Ене болғаннан ана болу оңайырақ": Жазира Байырбекова келінмен қарым-қатынас туралы ойын жеткізді

/
"Ене болғаннан ана болу оңайырақ": Жазира Байырбекова келінмен қарым-қатынас туралы ойын жеткізді
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ене болудың өзіне оңай тимей жатқанын айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұрын ене болғанда бұл рөлдің қандай екенін нақты айтамын деп ойлаған. Алайда қазір де оған біржақты жауап бере алмайтынын жеткізді.

"Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты. Жас енелерге лайфхак: ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана “мама” бола салыңыздар. Жеңіл болады", – деп жазды әнші.

Жазира Байырбекова тәжірибелі енелерден өз кеңестерін пікірге қалдыруды да сұраған.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына белсенді пікір білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бірі ене болу үшін сабыр қажет екенін айтса, енді бірі келінді туған қызындай қабылдау маңызды екенін жазған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары