«Ауыл» партиясының кандидаттары Шымкенттегі жылыжай кешенінің ұжымымен кездесті

/
«Ауыл» партиясының кандидаттары Шымкенттегі жылыжай кешенінің ұжымымен кездесті
«Ауыл» партиясы

Шымкентте «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Ғани Қарабеков, Талғат Айтбаев, Айнұр Идрисова және Тимур Савин «ALSERA KZ» жылыжай кешенінің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, заманауи агротехнологияларды енгізу, отандық көкөніс өндірісін арттыру, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін күшейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

«Ауыл» партиясының өкілдері «ALSERA KZ» кешенінің өндірістік әлеуетімен танысып, кәсіпорын қызметкерлерімен ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

«ALSERA KZ» – Шымкенттегі ірі инвестициялық жобалардың бірі. Жалпы аумағы 650 гектарға жететін кешен толық қуатына шыққанда жылына 155 мың тоннаға дейін қызанақ өндіріп, 5 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын ашуы жоспарланған. Жоба аясында заманауи зертханасы бар агроакадемиялық орталық құру, ресурстарды үнемдеу және маусымаралық кезеңде көкөніс импортына тәуелділікті төмендету көзделген.

«Ауыл» партиясының Төрағасы Қайрат Айтуғанов мұндай заманауи агрокешендердің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, өндірісті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға да мүмкіндік береді.

Өз кезегінде «Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғырту мен отандық өндірушілерді қолдау «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі екенін жеткізді.

Кездесуде «Ауыл» партиясының өкілдері отандық көкөніс өндірісін ұлғайту, өндірістің тиімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды. Олар «ALSERA KZ» сияқты ірі жобалардың тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде де дамыту қажет екенін айтты.

«Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, қайта өңдеу саласын күшейту және отандық өнім көлемін арттыру мәселелеріне ерекше мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының кандидаттары еңбек ұжымының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді алдағы жұмыста ескерудің маңызын айтты.

Кездесу қорытындысында «Ауыл» партиясының өкілдері өндіріс орындарымен тікелей диалог орнату агроөнеркәсіптік кешеннің нақты мәселелерін анықтауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар