Павлодарда суға батып кеткен 19 жастағы жігіттің денесі екі күннен кейін табылды

/
Павлодарда суға батып кеткен 19 жастағы жігіттің денесі екі күннен кейін табылды
Фото: irbis tv

Павлодар маңында суға кеткен 19 жастағы жігіттің денесі екі тәуліктен кейін табылды. Ол Жанауыл ауылының маңынан табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы құтқарушыларға 11 тамыз күні таңғы сағат 5:37-де хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, ол суға түсіп, қайта шықпаған.

«Іздестіру жұмыстары барысында сүңгуірлер 80 рет суға түсті. 13 тамыз күні іздестіру жұмыстары кезінде құтқарушылар Жанауыл ауылының маңынан 2007 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан алып шықты», – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.

Іздестіру жұмыстарына сегіз құтқарушы жұмылдырылды. Олар үш жүзу құралын пайдаланып, эхолоттың көмегімен іздеу жүргізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары