«Ауыл» партиясы Астанадағы спорт мектебінің ұстаздарымен өзекті мәселелерді талқылады

/
«Ауыл» партиясы Астанадағы спорт мектебінің ұстаздарымен өзекті мәселелерді талқылады
«Ауыл» партиясы

Бүгін «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Астанадағы №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спортшыларды қолдау, жаттықтырушылардың еңбек жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

«Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары спорт мектебінің ұжымынан ұсыныстар мен сауалдарды тыңдап, «Ауыл» партиясының спорт саласына қатысты ұстанымдарын таныстырды. Кездесуде балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартудың, олардың тәртібі мен жауапкершілігін қалыптастырудың маңызы айтылды.

«Ауыл» партиясының өкілдері әрбір спорттық жетістіктің артында жас спортшының табандылығы ғана емес, жаттықтырушының күнделікті еңбегі, ата-ананың қолдауы және ұжымның бірлескен жұмысы тұрғанын атап өтті.

Кандидаттар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында спортты бұқаралық деңгейде дамытуға, балалар мен жастар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға қатысты бастамалар бар екенін жеткізді.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының өкілдері қала мен ауыл арасындағы байланысты дамыту мәселесіне де тоқталды. Олардың айтуынша, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту елдің жалпы дамуы үшін маңызды.

«Ауыл» партиясы ауылды елдің тірегі ретінде қарастырып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға, ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер жасауға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға басымдық береді.

Сондай-ақ «Ауыл» партиясының кандидаттары ауыл шаруашылығы мен өндірістің дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл тұрғындарының еңбек етуіне қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелерінің өзара байланысты екенін атап өтті.

Кездесу соңында «Ауыл» партиясының кандидаттары спорт мектебінің ұжымына белсенді пікір алмасқаны үшін алғыс білдіріп, көтерілген ұсыныстар алдағы жұмыс барысында ескерілетінін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар