Күні кеше танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кіші қыздары Рабия Сұлтан Бегімнің бір жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда сол кеште төбе көрсеткен әншінің кіші інісі Заңғар мен келіні Индира көпшіліктің талқысына түсті.
Индира Мәуленованың инстаграм желісінде жариялаған видеосында көпшілік оның екінші балаға жүкті екенін айтып жатыр.
«Аяғы ауыр екен», «Аман есен босанып алсын», «Іштеріңді жаппаңдар!», «Кең көйлек кимейсіңдер ма?», «Заңғарға осы келіншегі жарасымды», «Келесісі қыз болсын», - деп жазды желі қолданушылары.