Жамбыл облысында бір айдың ішінде іздеуде жүрген 25 адам табылды

/
Жамбыл облысында бір айдың ішінде іздеуде жүрген 25 адам табылды
polisia.kz

Жамбыл облысында бір айдың ішінде іздеудегі 25 адам табылып, 9 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысының полицейлері із-түссіз жоғалған азаматтарды іздеу және қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарды анықтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Соңғы бір ай ішінде полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған 25 адамның жүрген жерін анықтады. Олардың барлығы жақындарымен қауышты. Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.

Олардың арасында алаяқтық, есірткі және ұрлық қылмыстарын жасаған азаматтар бар. Кейбірі бірнеше жыл бойы іздеуде болған.

Одан бөлек, пробациялық бақылаудан жалтарған адамдарды да іздеп, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай міндеттемеден жалтарған 12 адам табылды.

Ұсталғандардың әрқайсысы жасаған құқыққа қайшы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар