Jibek Joly телеарнасында 7 саяси партия өкілдерінің қатысуымен командалық теледебат басталды

Jibek Joly телеарнасында 7 саяси партия өкілдерінің қатысуымен командалық теледебат басталды
видеодан скриншот

Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы алғашқы командалық теледебат басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Теледебаттың тақырыбы – Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі. Командалық теледебаттың басты ерекшелігі – Құрылтай сайлауына қатысатын әр саяси партиядан екі өкіл сөз сөйлейді.

Жеребе қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу кезегі төмендегідей болды: 

1. «Ақ жол» партиясы

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

3. «Әділет» партиясы

4. Қазақстан Халық партиясы

5. «Ауыл» партиясы

6. «Байтақ» жасылдар партиясы

7. Respublica партиясы

Көрермен партиялардың сайлауалды бағдарламасымен, әділетті қоғам құру жөніндегі бастамаларымен танысады. Сонымен қатар спикерлер WhatsApp арқылы келіп түскен сайлаушылар мен журналистердің сұрақтарына жауап береді. Тікелей эфир барысында партиялардың жария түрде берген уәделері де ұсынылады. 

Трансляция кезінде көрермендер QR-код арқылы веб-сауалнамаға өтіп, теледебатқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар