Алматыда автобус жүргізушісі әйел адамды қағып, мерт қылды

/
Алматыда автобус жүргізушісі әйел адамды қағып, мерт қылды
Скриншот

Алматыда автобус жүргізушісі 30 жастағы әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz Halyqstan телеграм-арнасына сілтеме жаап. 

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:20-да «Орбита» шағынауданында болған.

Қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі оқиға туралы ақпаратты растады.

Полицияның мәліметінше, жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолды шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Өкінішке қарай, алған жарақатынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнында куәгерлер түсірген видеода №119 бағыттағы автобус көрінеді. Ол «АвтоАлмаТранс» ЖШС-не тиесілі жекеменшік автопаркке қызмет көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар