Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Президент театр және кино саласында жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан белгілі режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың төл мәдениетімізді өркендету жолындағы еңбегі зор екенін жеткізді.
– Көрерменнің көзайымы болған мазмұнды қойылымдарды сахналап, театр әлемінің нағыз майталманы ретінде танылдыңыз. Көптеген пьесалар мен фильмдерде түрлі рөлдерді шебер сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде жас таланттарды өнерге баулып, оларға бағыт-бағдар беріп келесіз. Руханият саласын дамытуға сіңірген еңбегіңіз үшін өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.