Шешесін пышақтап, қашып кеткен күдікті Вьетнамнан экстрадицияланды

/
Шешесін пышақтап, қашып кеткен күдікті Вьетнамнан экстрадицияланды
видеодан скриншот

Вьетнам Социалистік Республикасынан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін күдіктелді.

Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар