Павлодарда ер адам орталық жағалау маңында суға түсіп, батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға туралы хабар Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 05:37-де түскен. Құтқарушылар жедел түрде су айдынын тексеруге кіріскен.
Іздеу жұмыстарына сегіз құтқарушы, үш жүзу құралы және эхолот жұмылдырылды. Мамандар оқиға болған аумақта өзенді тексеріп жатыр.
«Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар Ертіс өзенінің су айдынын тексеруді жалғастыруда.