Ақтөбе облысында 26 жастағы жігітті тойдан кейін өлтіріп кеткен

/
Ақтөбе облысында 26 жастағы жігітті тойдан кейін өлтіріп кеткен
istockphoto.com

Ақтөбе облысында мерекелік кеш қайғылы жағдаймен аяқталды. Тойдан кейін 26 жастағы жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 8 тамызда Шалқар қаласында болған. Тойдан кейін қатысушылар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде қонақтардың бірі ауыр жарақат алып, көз жұмған. Марқұм небәрі 26 жаста болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Тергеу жалғасып жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар