Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz Infobae басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Хорхе Месси Аргентинаның Росарио қаласындағы медициналық мекемеде көз жұмған. Ол ұзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты ем қабылдап келген.
Хорхе Месси ұлы Лионельдің футболдағы мансабында маңызды рөл атқарды. Ол Мессидің 14 жасынан бастап агенті болып, спортшының кәсіби және қаржылық мәселелерін басқарды.
Маусым айында Хорхе Мессидің денсаулығына қатысты түрлі қауесет тараған болатын. Сол кезде Месси отбасы оның медициналық бақылауда екенін және жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеген. Отбасы жалған ақпарат таратпауға және жеке өмірлерін құрметтеуге шақырған еді.