Көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат мас күйінде рөлге қайта отырғаны үшін бас бостандығынан айырылды

/
Көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат мас күйінде рөлге қайта отырғаны үшін бас бостандығынан айырылды
istockphoto.com

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы саласындағы заң талаптарының сақталуы бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сарқан ауданында бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға қайтадан алкогольдік масаң күйде көлік басқарып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сот талқылауы барысында сотталушының бұған дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Алайда, заң талаптарын елемей, олқайтадан алкогольдік масаң күйде көлік басқарып, жол-көлік оқиғасын жасап, өзге тұлғаның мүлкіне залал келтірген.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жетісу облысының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Мас күйінде көлік басқару қоғамға жоғары қауіп төндіреді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары