Баянауыл тауларындағы арқарлар дрон арқылы видеоға түсірілді

/
Баянауыл тауларындағы арқарлар дрон арқылы видеоға түсірілді
видеодан скриншот

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін арқарлардың саны 800-ге жуықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар дронның көмегімен бейнежазбаға түсірілді. Әдетте арқарлар адамдардан алыс, биік таулардың қойнауында жүреді және камера объективіне сирек түседі.

— Соңғы есеп бойынша, ұлттық парк аумағында 781 арқар бар. Олар үнемі таулы аймақтарда тіршілік етіп, тау шыңдарында жайылады. Арқарлардың күйлеу кезеңі қазан–қараша айларында өтеді. Бұл уақытта аталықтары мен аналықтары бірге жайылады. Ал басқа мезгілдерде аталықтары бөлек жүреді, — деп хабарлады ұлттық парк өкілдері.

Саны артып келе жатқан арқарлардың негізгі қорегі – жусан, қияқ және бидайық. Қыс мезгілінде олар бұталардың жапырақтарын да қорек етеді. Әдетте арқарлар таңертең ерте және кешкі уақытта жайылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар