Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары Ақмола облысының кәсіпорындарында жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кездесу Степногорск қаласындағы «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концернінің еңбек ұжымымен өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамының мәртебесін арттыру, өнеркәсіпті дамыту, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көтерілген сауалдарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.
Осындай кездесулер Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын еңбек ұжымдарына таныстыруға және азаматтармен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік береді.