«Ауыл» партиясының өкілдері жұмыс сапары аясында Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтер ауылында тұрғындармен және шаруашылық ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының өкілдері егістік алқаптарын, суару жүйелерін және өндірістік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты.
«Ауыл» партиясының өкілдері ауылдағы жұмыспен қамту, инфрақұрылымды дамыту, заманауи агротехнологияларды енгізу және жастардың ауылдық жерлерде еңбек етуіне жағдай жасау мәселелерін талқылады. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу, өнімді нарыққа тиімді шығару мен ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты бастамалар сөз болды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. «Ауыл» партиясының өкілдері ауыл тұрғындары мен еңбек ұжымының ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді.