"Әлем аруы – 2026" байқауында Қазақстан намысын кім қорғайтыны белгілі болды

/
"Әлем аруы – 2026" байқауында Қазақстан намысын кім қорғайтыны белгілі болды
instagram.com/bagyymm

"Әлем аруы – 2026" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстан атынан Miss Qazaqstan 2024 титулының иегері Бағым Балтабаева қатысады, деп turkystan.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл беделді халықаралық байқау Вьетнамда өтеді. Оған әлемнің 100-ден астам елінен келген арулар қатысады.

Miss Qazaqstan байқауының директоры Рамина Ибрагимованың айтуынша, бұл сайыста қатысушылардың сыртқы келбетімен қатар, олардың жеке қасиеттері мен қоғамдық бастамалары да бағаланады.

"Байқаудың негізінде Beauty With a Purpose философиясы жатыр. Қатысушылардың қайырымдылық жобаларына ерекше мән беріледі. Сондықтан ұлттық байқаудың жеңімпаздары жыл бойы әлеуметтік бастамалармен айналысады", – деді ол.

Қазақстан атынан өнер көрсететін Бағым Балтабаева Өскемен қаласында дүниеге келген. Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін педагог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Байқауға дайындық кезінде Бағым жалғызбасты аналар мен қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлгенін айтты.

Сондай-ақ ол ұлттық киімді таныстыру кезеңіне мұқият дайындалып жатқанын жеткізді. Бағым қазақ әйелінің бейнесін халықаралық сахнада жаңа қырынан көрсетуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық ару 7 тамызда Вьетнамға аттанады. Ол бір ай бойы халықаралық мәдени іс-шаралар мен Miss World аясындағы бастамаларға қатысады.

Бағым Балтабаеваның елге 7 қыркүйекте оралуы жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар