Министрлік: «Іле-Балқаштағы» жолбарыстың желіде тараған суреті – фейк (ФОТО)

/
Министрлік: «Іле-Балқаштағы» жолбарыстың желіде тараған суреті – фейк (ФОТО)
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.

Сондай-ақ табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-қарғыбаумен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары жануардың орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылап отыр. Сондықтан оның «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдеріне тексерілмеген ақпаратты таратпау және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сену ұсынылды.

Ведомство көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар