ҚазАвтоЖол қазақстандықтарға үндеу жасады

/
ҚазАвтоЖол қазақстандықтарға үндеу жасады
ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушыларға үндеу жасап, жол бойындағы санитарлық тораптарды таза ұстауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компания мәліметінше, республикалық жолдардың бойында жолаушылардың қолайлығы үшін жылы және салқын санитарлық тораптар жұмыс істейді. Олар жол үстіндегі азаматтардың қажеттілігін таза әрі жайлы жағдайда өтеу мақсатында орнатылған.

Алайда соңғы уақытта кейбір демалыс орындарында азаматтардың дәретхананы пайдаланудың орнына оның сыртын ластауы салдарынан аумақтың санитарлық жағдайы нашарлап, жағымсыз иіс пайда болып жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жол пайдаланушыларын қоғамдық мәдениет пен тазалық қағидаларын сақтауға шақырды.

Естеріңізде болсын:

- дәретхананы пайдаланыңыз, қажет болса кезегіңізді күтіңіз;

- қоқыс пен дәретхана қағазын бей-берекет тастамаңыз;

- ортақ игілікке арналған мүлікке ұқыпты қараңыз;

- тазалықты күн сайын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін құрметтеңіз.

«ҚазАвтоЖол» тазалық әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтіп, жол бойындағы санитарлық тораптарды таза ұстап, өзгелерге үлгі болуға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар