Алматы қаласында әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратқан блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мониторингі барысында анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс бойынша азамат өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді.
Еске сала кетейік, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды тарату заңнамада белгіленген орындарда ғана жүзеге асырылады. Бұл талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.