«Өтірік көп айтылды»: Нұрай Серікбайдың ағасы сот отырысынан кейін мәлімдеме жасады

/
«Өтірік көп айтылды»: Нұрай Серікбайдың ағасы сот отырысынан кейін мәлімдеме жасады
Коллаж: Turkystan.kz

Кеше марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты кезекті сот процесі өтті. Сот отырысынан кейін марқұмның туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін бізде төртінші сот процесі аяқталды. Процесс эмоционалдық, моральдық, физикалық жағынан өте ауыр болды. Өйткені сотталушының туыстары Нұрай жайлы білгенін айтты. Жеті туысы келді. Ең өкініштісі – біреуі де сөзін бізге көңіл айтып бастаған жоқ. Тек бірден іске кірісіп, «Нұрай өзі келді» деген сияқты шындыққа жанаспайтын нәрселер көп айтылды. Және де жеті адамның бәрінің сөзі жаттанды. Сұрақ қойған кезде жөнді жауап бере алмай жатыр. Сот залында 40 адам отырды. Сол отырған адамның бәрі шаршады. Өйткені өтіріктен өтірік айтылып жатты», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары