Respublica партиясының кандидаттары Қостанайдағы университет ұстаздарымен кездесті

/
Respublica партиясының кандидаттары Қостанайдағы университет ұстаздарымен кездесті
Respublica партиясы

Бүгін Respublica партиясының өкілдері Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды. Сондай-ақ партияның соңғы үш жылдағы қызметі, Мәжіліс пен мәслихаттардағы жұмысы, азаматтар мен кәсіпкерлердің мүдделеріне қатысты көтерген бастамалары жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Respublica партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерінің назарға алынатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар