«8 көлік айыптұраққа қойылды»: Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі тоқтатылды

/
«8 көлік айыптұраққа қойылды»: Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі тоқтатылды
polisia.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Түркістан облысы Төлеби ауданының аумағында үйлену тойы кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер анықталды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 8 көлік құралы мамандандырылған айыптұраққа қойылды.

Құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын және маневр жасау ережелерін бұзу, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын заңсыз пайдалану, сондай-ақ авариялық жағдай туғызу фактілері бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген заң талаптарын қатаң сақтап, өзге азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар