«Байтақ» партиясының үміткері Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен жүздесті

/
«Байтақ» партиясының үміткері Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен жүздесті
"Байтақ" партиясының сайты

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматы мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерімен жүздесті. Іс-шара Талғар қаласындағы қорық аумағында өтті. Кездесуге 20-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиын барысында "Байтақ" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, биоалуандықты қорғау, экологиялық ағартуды дамыту және Қазақстанның табиғи мұрасын сақтауда қорықтардың рөлі талқыланды.

«Табиғатты қорғау – тек экологтардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, биоалуандықты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – еліміздің тұрақты дамуының маңызды діңгегі. Яғни ерекше қорғалатын аумақтарды сақтау – болашаққа құйылған инвестиция», - деді кандидат.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Қорық қызметкерлері табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар