«Байтақ» партиясының кандидаты қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттады

/
«Байтақ» партиясының кандидаты қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттады
"Байтақ" партиясының сайты

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Айгүл Абдуалиева Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығында кездесу өткізді. Шарада қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Байтақ" партиясының кандидаты орталық қызметкерлеріне тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсіндірді әрі экологиялық сауатты арттыру қажеттігін айтты. Қатысушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және күнделікті өмірде экологиялық дағдыларды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар алды.

«Табиғатты қорғау – құрғақ ұран емес, ол әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондықтан «Байтақ» партиясы қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық сананы арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға ерекше көңіл бөледі», - деді Айгүл Абдуалиева.

"Байтақ" партиясының өкілдері таза қоршаған орта халықтың денсаулығының, әл-ауқатының және елдің тұрақты дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай кездесулер азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті орнықтыруға ықпал ететінін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар