Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

/
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
Фото: ФК ҚАЙРАТ

Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубын жеңіп, турнирдің келесі сатысына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарымта кездесу Алматыда өтіп, алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ шабуылға ден қойды. Кездесудің 37-минутында Эдмилсон есеп ашып, командасын алға шығарды.

Айта кетейік, алғашқы ойында «Қайрат» сырт алаңда 0:1 есебімен жеңілген болатын. Сондықтан негізгі уақыттағы 1:0 есебі екі матчтың қорытындысы бойынша таразы басын теңестірді.

Қосымша уақытта да командалар жеңімпазды анықтай алмады. Нәтижесінде жолдама тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл сында алматылық клуб 7:5 есебімен басым түсіп, UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті.

Енді «Қайрат» келесі кезеңде Болгарияның «Левски» және Румынияның «Университатя» Крайова клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Аталған қарсыластардың алғашқы матчында «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар