Ренат Бектұров: Білімге салынған әрбір теңге – ел болашағына салынған инвестиция

Ренат Бектұров: Білімге салынған әрбір теңге – ел болашағына салынған инвестиция

Білімге инвестиция салу, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру және жас ұрпаққа қолайлы жағдай жасау – «Әділет» партиясының адам капиталын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтары. Бұл туралы партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров «Қазақстанның болашағы – адам капиталы» тақырыбында өткен жатқан ұлттық теледебат барысында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Білімге инвестиция салу, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру және жас ұрпаққа қолайлы жағдай жасау – «Әділет» партиясының адам капиталын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтары. Бұл туралы партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров «Қазақстанның болашағы – адам капиталы» тақырыбында өткен жатқан ұлттық теледебат барысында айтты.

Кандидат өз сөзінде адам капиталы ел болашағын айқындайтын ең басты құндылық екенін айтып, үш негізгі бағытқа тоқталды.

«Бірінші ақиқат – білім. Тек қана білімді қоғам қуатты мемлекет құра алады. Сондықтан біздің басты ұстанымымыз – адамға білім беру», – деді Ренат Бектұров.

Оның айтуынша, бүгінде Мемлекет басшысының реформаларының нәтижесі білім беру саласында айқын көрініс тауып отыр.

«Соңғы үш жылда елімізде жүздеген жайлы мектеп салынды. Әлемнің жетекші университеттерінің филиалдары ашылып, біздің жастарымыз әлемдік олимпиадаларда үздіктерімен иық тірестіріп жүр. Сондықтан білімге салынған әрбір теңге – елдің болашағына салынған инвестиция», – деді кандидат.

Сондай-ақ ол денсаулық сақтау саласына тоқталып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мемлекет үшін басым бағыттардың бірі екенін айтты.

«Осы салада біздің партиямыздың алдына қойған мақсаты – алдағы бес жылда орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу», – деді Ренат Бектұров.

Үшінші бағыт ретінде кандидат қоғамдағы құндылықтардың рөліне тоқталды.

«Еңбекқорлық, жауапкершілік, әділдік пен отаншылдық үстемдік құрған қоғам ғана ұзақ даму жолына тұрады деп сенеміз. Жаңа Конституция адамның құқығы мен қадір-қасиетін мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдырды. Бұл саланы баланың кішкентай кезінен бастау керек деп сенеміз. Сондықтан алдағы бес жылда мектептерде 300 мың, балабақшаларда 79 мың жаңа орын ашамыз», – деді ол.

Сөз соңында Ренат Бектұров партияның сайлауалды бағдарламасы нақты нәтижеге бағытталғанын айтты.

«Құрметті қазақстандықтар, жай бағдарлама емес, бұл – нақты іс жоспары», – деп түйіндеді кандидат.

Еске салайық, «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы ұлттық теледебат өтті. 7 саяси партияның өкілдері бір алаңда бас қосып, сайлауалды бағдарламалары мен ел дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырды. 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар