"28 соққы жасап, қолын, жамбасын сындырған": Семейде әйелін бейсбол битасымен ұрып өлтірген тұрғын қамауға алынды

"28 соққы жасап, қолын, жамбасын сындырған": Семейде әйелін бейсбол битасымен ұрып өлтірген тұрғын қамауға алынды
ашық дереккөзден

Семейде әйелін бейсбол битасымен ұрып өлтірді деген күдікпен күйеуі қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Информбюро жаңалықтар қызметінің мәліметінше, 52 жастағы келіншекке жолдасы тұтқиялдан келіп, бейсбол битасымен 28 рет соққы жасаған. Оның мұндай қатігездікке баруына жұбайының ажырасайық деген сөзі себеп болса керек. Жан жарын жібергісі келмеген қаскөй марқұмның қыр соңынан қалмай, ақыры қанды қылмысқа барған көрінеді.

52 жастағы Айжан Баяхметованың мәйітін көргенде туыстары жағаларын ұстаған. Сөздеріне сенсек, келіншекке күйеуі ұзақ жылдан бері күн көрсетпеген. Ішімдікке сылқия тойып алып, мазасын жиі алған көрінеді. Әпкесі зорлық-зомбылықтың құрбаны болды деген бүтін бір әулет қайғыдан қан жұтып отыр.

"Битамен басынан ұрды. Сосын қабырғасын сындырды. Қолдың он саусақтарын да сындырды. Қолдың екі-үш жерден де ұрып сындырды. Жанбасын сындырды. Арқасының бәрі көкпеңкөк. Біз судмедэкспертизаны оқығанда 27-28 соққы жасаған", - дейді марқұмның туысы Жанна Нұрғазинова.

Қара жамылған отбасы сәуір айында ерлі-зайыпты екі жаққа бейбіт түрде кетуге келіскенін жеткізді. Алайда арада алты күн өткенде атпалдай азамат үйге келіп жанжал шығарып, әйелі мен балаларының киімдері мен құжаттарын өртеп жібергенін айтады. Ол аздай, жұбайының қыр соңынан қалмаған. Әйелдің жұмыстан шыққанын күтіп, қанды қылмысқа қасақана барған дейді.

"Соттың әділ өтуін талап етеміз. Өйткені мұнда бір баппен емес, бірнеше баппен қозғау керек. Менің апайымның артынан ол аңдыды, соқты, біз оны уже артынан біле бастадық. Сталкинг жасалды, қорлық жасалды. Соңына дейін әйтеуір артынан жүріп өлтірді біздің әпкемізді. Біздің сұрайтынымызды, талап ететінімізді ең жоғары бас бостандығынан айырылсын деп талап етеміз!", - дейді марқұмның туысы Жанна Нұрғазинова.

Оқиға орнына қашып кеткен күдікті көп ұзамай ұсталып, қамауға алыныпты. Бұл оқиға кәмелет жасына толмаған екі балаға ауыр соққы болды дейді жақындары. 12 жастағы қыз анасы қаза тапқаннан кейін тұтығып сөйлей бастаса, 16 жастағы ұлға жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылыпты. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар