Түркістан облысында 40 жастағы ұлы туған анасын пышақтап өлтірген

/
Түркістан облысында 40 жастағы ұлы туған анасын пышақтап өлтірген
istockphoto.com

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ер адам өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шамамен 40 жастағы ер адам өз үйінде анасына пышақ жарақатын салған. Ресми емес мәлімет бойынша, күдіктіге бала кезінен церебралды сал ауруы диагнозы қойылған. Оқиғаның неден болғаны әзірге белгісіз.

«Түлкібас ауданы тұрғынының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша процестік шешім тергеу қорытындысы шыққаннан кейін қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары