Әлем чемпионаты: Қазақстанның екі семсерлесушісі плей-оффта жеңіске жетті

/
Әлем чемпионаты: Қазақстанның екі семсерлесушісі плей-оффта жеңіске жетті
ҰОК

Семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сапы бәсекесінің плей-офф кезеңі жалғасып жатыр. 

Қазақстан құрамасының барлық өкілдері – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов үздік 32 спортшының қатарына ену үшін сынға түсті.

Руслан Құрбанов Израиль өкілі Йоханатан Мессика Ламбрейді 15:7 есебімен сенімді жеңді. Ал Кирилл Проходов Финляндия спортшысы Керрко Ярвиді 15:5 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай жүлде үшін күресті жалғастыра алмайды. Вадим Виргин аралдарының өкілі Круз Шембриден 9:15 есебімен есе жіберсе, Ерлік Оңтүстік Корея спортшысы Омин Квоннға 10:15 есебімен жол берді.

Бірнеше минуттан кейін жарыс жолына қылыш сайысынан Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик сынға түседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары