«АУЫЛ» партиясы халықаралық конференцияда аграрлық ғылымды дамыту мәселесін көтерді

«АУЫЛ» партиясы халықаралық конференцияда аграрлық ғылымды дамыту мәселесін көтерді

«Ауыл» партиясының Төрағасы Қайрат Айтуғанов А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеті онжылдық бойы бұл ғылыми орталық Қазақстандағы астық шаруашылығы ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Мұнда қалыптасқан ғылыми мектеп, отандық селекция мен заманауи агротехнологиялар бүгінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етуде.

Конференция барысында аграрлық ғылымды дамыту, отандық тұқым шаруашылығын қолдау, инновациялық технологияларды өндіріске енгізу және ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

«Ауыл» партиясы аграрлық ғылымды қолдауды, ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және ауылдың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да жүйелі түрде ілгерілете береді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар