Қазақстан Халық партиясының өкілдері Атырау жұртшылығымен кездесті

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Атырау жұртшылығымен кездесті

Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдері «Медина 5» ПИК ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып,, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және өңірдің өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды.

Ұжым өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін бөлісті. Партия өкілдері көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, оларды шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан зейнетақы жүйесіне қатысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, зейнетақы мөлшерін арттыру, азаматтардың зейнетақы жинақтары және зейнеткерлік жасқа қатысты мәселелер көтерілді. Партия өкілдері қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме беріп, «Қазақстан Халық партиясының» әлеуметтік әділеттілік пен лайықты зейнетақы жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұстанымдары туралы ақпаратты бөлісті.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар