Аттан құлаған қазақ шабандозының орнына мінген қырғыз бала 3-орын алды (ВИДЕО)

Аттан құлаған қазақ шабандозының орнына мінген қырғыз бала 3-орын алды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

«Ыстықкөл кубогі – 2026» халықаралық аламан бәйгесінде қырғыз бен қазақ халқының бауырластығын көрсеткен ерекше оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс кезінде «Шанқобыз» атты тұлпарды тізгіндеген қазақстандық шабандоз аттан құлап қалды. Бірер сәттен соң қырғыз шабандозы Алихан Аскарбеков атқа секіріп мініп, оны мәреге үшінші болып жеткізген.

Қазақстаннан барған ат иесі кеңпейілділік танытып, 3-орынға тігілген 250 мың сом жүлдені толығымен Алихан Аскарбековке сыйлады.

Көпшілік бұл оқиғаның жеңістен де биік құндылықтарды, бауырластықты, сыйластықты және екі халықтың ынтымағын дәріптегенін жарыса жазып жатыр. 

Желі қолданушылары «Нағыз бауырмалдықтың үлгісі», «Қазақ пен қырғыз – бір туған!», «Нағыз сыйластық!» деп ақжарма тілек жазып, пікір қалдыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары