Тараз қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері қауіпті дрифт жасап жүрген Mercedes автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жүргізушінің айтуынша, ол досымен бәстесіп, өзінің көлік жүргізу шеберлігін дәлелдеу мақсатында дрифт жасап, оны бейнетаспаға түсірген. Құқық бұзушыға қатысты жол жабынын бүлдіргені және тыныштықты бұзғаны үшін заң аясында шара көрілді.
Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.