«Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабы сайлаушылармен кездесу өткізді

«Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабы сайлаушылармен кездесу өткізді

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған республикалық штаб мүшелері тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиында спикерлер елдегі оң өзгерістерге тоқталып, мемлекет дамуының негізі – ұлттық мүддені қорғау екенін баса айтты. Жемқорлық, бюрократия және монополияны жоюдың басты құралы ретінде шынайы демократия, биліктің есептілігі мен құқықтық мәдениет аталды.

«Ақ жол» партиясы әлеуметтік бағытта сапалы білім, медицина, қолжетімді баспана және жұмыс орындарын ашу арқылы кедейлікті толық жоюды көздейді. Экономикалық блок шағын және орта бизнесті қолдауға негізделсе, сыртқы саясат ел мүддесін прагматикалық тұрғыда қорғауға бағытталуға тиіс.

«Ақ жол» тек бірлескен күш-жігермен ғана қуатты әрі әділетті Қазақстанды құруға болатынына сенім білдіріп, азаматтармен ашық диалогты жалғастыра береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары