Шымкентте заңсыз сатылмақ болған 615 құты мотор майы тәркіленді

/
Шымкентте заңсыз сатылмақ болған 615 құты мотор майы тәркіленді
Шымкент қаласының Әділет департаменті

Шымкент қаласының Әділет департаменті «Toyota» және «Lexus» тауар белгілері құқық иеленушілерінің ресми өкілінің өтініші негізінде мотор майын ауыстыру пункттерінің бірінде жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында аталған тауар белгілерінің заңсыз пайдаланылғаны анықталды. Атап айтқанда, контрафактілік мотор майын сақтау, сатуға ұсыну және өткізу фактілері тіркелді.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құқық иеленушілердің тауар белгілері заңсыз қолданылған 615 құты контрафактілік мотор майы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс материалдары қарау және процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына тосқауыл қою жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары