Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, жаз басталғалы бері қалада мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының 123 дерегі тіркелген.
Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережесін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет. Құқық бұзушылықтың әрбір дерегі қала прокуратурасының бақылауында.
Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.