Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды

/
Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды
istockphoto.com

Түркістан облысы Түлкібас ауданынында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 22 шілде күні болған. 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, ауладағы тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға абайсызда құлап кеткен.

Құтқарушылар келіп баланың денесін сыртқа шығарған, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды», –  делінген Түркістан облыстық ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар