Семейде көпқабатты үйдің терезесінен құлаған 1 жасар сәби көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 1 жасар бала терезеден құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды.
Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмаңыз, москит торына сенбеңіз және терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатыңыз.
Баланың өмірі мен қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі», – деді ТЖД өкілі .