Оралда ағаш өңдеу цехы өртеніп кетті

/
Оралда ағаш өңдеу цехы өртеніп кетті
ТЖМ

Орал қаласындағы Желаево өнеркәсіптік аймағында ағаш өңдеу цехының бір қабатты ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орал қаласындағы Желаево өнеркәсіптік аймағында ағаш өңдеу цехының бір қабатты ғимаратының шатыры өртенді. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан үш оттегі және бір газ баллонын алып шықты. Бұл ықтимал жарылыстың және жағдайдың одан әрі күрделенуінің алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қауіпті аймақтан жеңіл автокөлік эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары