Рудныйда 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

/
Рудныйда 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Қостанай облысы ПД

Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша қажетті шараларды қолға алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары